Президент: Вакцина – пандемияны жеңудің жалғыз сенімді жолы

62

Вакцина – пандемияны жеңудің жалғыз сенімді жолы. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter парақшасында жазды.

«1 ақпан күні Қазақстанда COVID-19 індетіне қарсы жаппай вакцина салу басталды. Біз індетке қарсы әлемдік тәжірибені қолданып отырмыз. Вакцина – пандемияны жеңудің жалғыз сенімді жолы», дейді Президент.

Сондай-ақ Президент азаматтарды вакциналау шығындарының барлығын мемлекет көтеретінін нақтылап өтті.

«Вакцина салуға денсаулығы жарамайтын азаматтардан басқалары, жаппай пандемия жағдайында екпенің аса маңызды және қажетті екенін түсінеді деп ойлаймын», деді Мемлекет басшысы.

egemen.kz