Саясат

Президент Жолдауы түсіндірілді

Президент Жолдауы түсіндірілді

«Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі». Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаевтың биылғы жолдауы осындай атаумен Қазақстан жұртшылығына жол тартты. Бұл құжатта Президент әдеттегідей түйінді мәселелерді көтеріп, атқарылуға тиіс бірқатар маңызды міндеттерді айқындап берді. Жолдауда айтылған әрбір іс қарапайым халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған. Стратегиялық құжатты түсіндіру мақсатында аймақта түрлі жиындар өтуде. Осындай басқосудың бірі Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЖД-158/2 мекемесінде ұйымдастырылды. Онда мекеме қызметкерлері сотталған азаматтарды мемлекет басшысының Жолдауымен таныстырып, одан туындайтын маңызды міндеттерді түсіндірді. Президент Жолдауында дағдарыстан кейінгі кезеңдегі маңызды міндеттерді атап өтіп, бүгінгі қиындықтармен күресудің стратегиясын, экономиканы қалпына келтіре отырып, өркендеуді көздейтін шараларды айқындады. Ондағы мемлекеттік басқарудың жаңа моделін құру, мемлекеттік қызметті қайта қарау, кадр саясатына жаңаша көзқарас, шешім қабылдау жүйесі және оның орындалуы үшін жауапкершіліктің қажеттілігі туралы тұжырымының маңызы зор. Мұнымен қатар, жеті бағытқа негізделген жаңа экономикалық бағытты ұсынды. Аталған бағыттардың қатарында, игіліктер мен міндеттердің әділ, тең дәрежеде бөлінуі, адал бәсекелестік, өнімділіктің өсуі, адами капиталдың дамуы, жаңа үлгідегі білімге инвестиция салу, экономиканы гүлдендіру сынды мәні зор басымдықтар бар. Жиында сөз алған мекеме САТжӘПЖ бөлімінің бастығы, әділет майоры М. Ракишев Президент Жолдауы – елдің экономикалық өсімі мен қазақстандықтардың тұрмыс жағдайының жақсаруын қамтамасыз ететін ауқымды әлеуметтік - экономикалық жобаларды жүзеге асыру үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашқанына тоқталды.

М. Ракишев , Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЖД-158/2 мекемесі САТжӘПЖ бөлімінің бастығы, әділет майоры