Саясат

Путин Ресейде Бақытжан Сағынтаевпен кездесті

Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстан  саясаткері, қазір Еуразиялық экономикалық комиссияның алқа басшысы болып тағайындалған Бақытжан Сағынтаевпен кездесті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Айта кетейік, Сағынтаев бұл лауазымға 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап кіріскен болатын.

«Сізді тағы да осы лауазымыңызбен құттықтаймын», - деді кездесу барысында Путин. Ресей президенті Сағынтаевтың Қазақстанда жоғары лауазымды қызметтер атқарғанын атай келе, Еуразиялық экономикалық комиссияның жұмысында да біраз жыл қызмет еткенін еске салды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Ресейде өткен сайлауда Путин басымдыққа ие болып, бесінші рет осы елдің басшысы атанды.