Қазақстан Президенті Джо Байденді сайлаудағы жеңісімен құттықтады

18

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Джо Байденді АҚШ президенті сайлауындағы жеңісімен құттықтады.

«Джо Байден мырзаны АҚШ президенті болып сайлануымен шын жүректен құттықтаймын. Біздің елдеріміз арасындағы өзара мүдделі салаларда жемісті ынтымақтастық орнатамыз деген үміттеміз», — деп жазды Қазақстан Президенті Twitter желісінде.

Еске салайық, CNN телеарнасы мен NBC және AP агенттіктері демократиялық кандидат Джо Байден АҚШ президенті болып сайланғанын хабарлады.

3 қарашада басталған сайлаудың қорытындысы бойынша, демократ Джо Байден жеңіске жетті.

 

Tengrinews.kz