ҚР Президенті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейтетін Заңға қол қойды

35

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады. Айта кетейік, сондай-ақ бүгін Қ.Тоқаев персонал беру жөніндегі мәселелерді реттейтін ҚР Заңына, Қазақстан аумағынан шығарып жіберу кезінде ұстап алу мерзімдерін реттейтін Заңға қол қойылды.

egemen.kz