Саясат

Режеп Тайип Ердоған әйелімен бірге Астанаға ұшып келді

Оны әуежайдан Олжас Бектенов күтіп алды

Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған әйелімен бірге Астанаға ұшып келді. Елорда әуежайында түрік басшысын премьер-министр Олжас Бектенов қарсы алды, деп jambylinfo.kz.

Режеп Тайип Ердоған 3-4 шілдеде өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысады. Айта кетейік, Түркия — ұйымға серіктес ел. Түркия Қазақстанның ең ірі сауда серіктестерінің бестігіне әрі инвестор елдердің үздік 20-на кіреді.

Осы жылдың 4 айында өзара сауда көлемі $1,6 млрд-қа жетті. Екі елдің үкіметтері сауданың тұрақты көлемін кемінде $10 млрд деңгейінде жоспарлы түрде қамтамасыз ету бойынша жұмыс істеуде.