Саясат

Серік Сұлтанғали: Партияның жаңару процесі тек атаудың өзгеруімен ғана шектеліп қалмайды

Серік Сұлтанғали: Партияның жаңару процесі тек атаудың өзгеруімен ғана шектеліп қалмайды

Бұл туралы ADAL саяси партиясының сайлауалды бағдарлама жобасының негізгі бағыттары VII съезінде айтылды.

Нұр-Сұлтан қаласында өткен ADAL саяси партиясының VII съезінде сайлауалды бағдарлама жобасының 5 негізгі бағыты ұсынылды:

• Барлық азамат үшін лайықты өмір;

• Кәсіпкерлік - табысты мемлекеттің негізі;

• АӨК дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі;

• Қуатты өңірлер - қуатты ел;

• Мемлекет адамдар үшін.

Партия төрағасы Серік Сұлтанғали VII съездің негізгі мақсаты – бағдарламаны айқындап, дайындықты пысықтау, партиялық тізімдерді бекіту екенін жеткізді.

Серік Сұлтанғали партияның жаңару процесі тек атаудың өзгеруімен ғана шектеліп қалмайтынын айтты. Еске салайық, елімізде 2013 жылы құрылған «Бірлік» саяси партиясының атауы биыл 5 қарашада ADAL болып өзгерген болатын.

baq.kz