Шұғыл: Тоқаевтың қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді
Шұғыл: Тоқаевтың қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы 7 ақпанда өтеді. Бұл туралы сенат спикері Мәулен Әшімбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Спикер балдық шкаламен үкіметтің жұмысына баға беруден бас тартты. Бірақ, оның пікірінше, үкімет белсенді жұмыс істеп жатыр, бірақ олқылықтары да бар.
«Жалпы алғанда үкімет мемлекет басшысы жариялаған кешенді реформаларды жүзеге асыру үшін бар күш-жігерін жұмсап жатыр. Парламент тарапынан, соның ішінде сенат тарапынан қажетті құқықтық база жасап жатырмыз», - деді сенат төрағасы.