ШЫҰ саммиті: Астанаға Путин келді
Оны әуежайдан премьер-министр Олжас Бектенов күтіп алды
Владимир Путин ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді. Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді әуежайда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов қарсы алды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, Владимир Путин Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады.
ШЫҰ-ны 2001 жылы алты мемлекет — Қазақстан, Қытай, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан құрған. Кейінірек бірлестікке Иран, Үндістан және Пәкістан елдері қосылды. 5 жыл ішінде Қазақстанның ШЫҰ елдерімен тауар айналымы 56,5%-ға өсіп, $66 млрд құрады. 2024 жылғы қаңтар-сәуірде ұйым ішіндегі өзара сауда көлемі $19,1 млрд құрады. Осы кезеңде ҚР мен РФ арасындағы тауар айналымы $7,4 млрд құрады.