Таразда мемлекеттік қызметтердің тиімділігі артады

0

«Nur Otan» партиясынан Тараз қалалық мәслихатының депутаттығына кандидаттар Д. Абдраимов, Қ. Абдыкулов, Г. Алиевалар волонтерлық топпен бірге «Атакент» сауда орталығында кездесулер өткізді. Үміткерлер сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары барсында партияның Тараз қаласын дамыту бойынша 7 бағытын таныстырды. Көпшілікті әсіресе, жергілікті атқарушы органдардың халықпен кері байланыс орнату мәселесі қызықтырды.
Жергілікті атқарушы органдар мен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынастың жаңа сипатын қалыптастыру қажет. Ынтымақтастықтың басты қағидаттары ашықтық, есеп беруге міндеттілік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл болуы керек.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы 2025 жылға қарай электрондық форматтағы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруға 75%-дан 90%-ға дейін, ал 2021 жылға қарай онлайн бақылау-кассалық аппараттарын қолданатын кәсіпкерлердің санын 9003-тен 11195-ке бірлікке немесе 100%-ға жеткізуге ықпал етпек. Сауда және қызмет көрсету объектілерінде қолма-қол ақшасыз төлемдерге көшуге көңіл бөлінеді.
«Жамбыл адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірлесе отырып, тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және болдырмау бағытындағы іс-шараларға қатысуға азаматтарды тартуға, әкімдіктің сайтында азаматтық бюджетті жариялау, жобаларды қоғамдық кеңестердің отырыстарында талқылау арқылы, бюджетті құру мен іске асырудың барынша ашықтығын жетілдіруге басымдық беріледі.
Сондай-ақ партия цифрландырудың заманауи даму тенденциясы ретіндегі ерекшеліктерін толық ашуға, онлайн режимде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізімін ұлғайтуға назар аударып отыр.
Кездесуде кандидаттар базардағы кәсіпкерлердің тыныс-тіршілігімен танысып, ұсыныс-тілектеріне құлақ түрді. Мұндағы кәсіпкерлерді қоғамдық көлік маршруттарының аздығы, кей кезде мүлдем болмайтындығы толғандырады екен. Аталмыш мәселе бойынша сайлауалды бағдарламамен сабақтастырыла отырып, нақты жауап берілді.

 

«Nur Otan» партиясы Тараз қалалық сайлау қорының қаражатынан төленді

Leave A Reply

Your email address will not be published.