Тікелей эфирде тұрғындар сұрағына жауап берді

0 110

Ашықтыққа ұмтылған мемлекеттік басқару жүйесі қазір әлеуметтік желілер арқылы да халықпен тікелей диалог орнатуға талпынып келеді.
Бүгін Сарысу ауданының әкімі Бақытжан Жақсылықов аудан әкімдігінің фейсбук желісіндегі парақшасы арқылы тікелей эфирде аудан тұрғындарымен байланысқа шықты.
Бұған дейін бұл жөнінде әлеуметтік желілер арқылы хабардар аудан тұрғындары өздерін толғандырған сауалдарына тікелей эфир арқылы жауап алуға мүмкіндік алды.
Тікелей эфирде аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Болат Үсембаев «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталып өтті.
Сағатқа созылған әкімдік сағатында елуге тарта сұрақтар түсіп, жауаптар берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.