Саясат

Қ.Тоқаев барлық республикалық жолдарды қалпына келтіруге мерзім қойды

Қ.Тоқаев барлық республикалық жолдарды қалпына келтіруге мерзім қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылға дейін барлық республикалық жолдарды қайта жаңартуды тапсырды. "2025 жылға дейін 24 мың шақырым жолды жөндеу және жол сервисімен қамтамасыз ету міндеті тұр. Яғни, соның ішінде барлық республикалық жолдар", дейді Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында. Сонымен қатар, Президент мемлекеттік аппаратты қысқартуды жеделдетуді, оны биыл 10 пайызға, ал келесі жылы тағы 15 пайызға азайтуды тапсырды. egemen.kz