Тоқаев Гвинея-Бисау президентімен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Умару Сисоку Эмбало екі елдің ресми делегация мүшелерінің қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Мемлекет басшысы мәртебелі мейманға ілтипат білдіре отырып, екіжақты ықпалдастықтың дамуына тың серпін беру тұрғысынан бұл сапардың маңызы зор екеніне назар аударды.
Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр Қазақстан мен Гвинея-Бисау арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 10 жыл толғанын атап өтті. Президенттің айтуынша, бүгінгі тарихи кездесу өзара тиімді серіктестікті одан әрі тереңдетуге негіз болады.