Саясат

Тоқаев Испания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді

Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Фелипені туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Президент жеделхатта екі ел арасындағы берік достыққа, сындарлы саяси диалог пен өзара тиімді сауда-экономикалық байланыстарға негізделген стратегиялық серіктестік дәйекті түрде дамып келе жатқанын атап өткен. Сондай-ақ ынтымақтастықты тереңдетудің мол әлеуетін пайдалана отырып, қазақ-испан қарым-қатынасын жаңа әрі сапалы деңгейге шығаруға мүдделі екенін растаған. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Фелипенің аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал испан халқына бақ-береке тіледі.