Саясат

Тоқаев Наталья Годунованы қызметінен босатты

The final spritzer

Годунова Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы болып жұмыс істеген еді

Мемлекет басшысының Жарлығымен Наталья Николаевна Годунова Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды jambylınfo.kz Ақордаға сілтеме жасай отырып. 

Наталья Годунова бұл қызметке 2022 жылы кіріскен болатын. Оған дейін Есеп комитетін басқарған. Әр жылдары үкіметте, жергілікті атқарушы органдар мен орталық сайлау комиссиясында жұмыс істеген.