Саясат

Тоқаев: «Шын мәнінде, қазақ пен қырғыз – тілектес, бауырлас елдер»

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Қазақстан Президенті бауырлас Қырғыз Республикасына ресми сапармен келуге шақырғаны үшін Садыр Жапаровқа алғыс айтты.

Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентінің екіжақты ықпалдастықты жаңа деңгейге көтеруге зор үлес қосқанына назар аударды.