Трамп Путинмен тілдескен соң артынша Зеленскийге қоңырау шалған

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескеннен кейін Украина президенті Владимир Зеленскийге қоңырау шалды.
Бұл туралы Украина президентінің коммуникациялар жөніндегі кеңесшісі Дмитрий Литвин мәлімдеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Ол әңгіме шамамен бір сағатқа созылғанын атап өтті.
Кейінірек, өзінің Telegram парақшасында Владимир Зеленский әңгіме барысында украин тараптың бейбітшілікке қол жеткізу үшін жұмыс істеуге дайындығы талқыланғанын атап өтті.
Сондай-ақ, оның айтуынша, Скотт Бессентпен әңгіме және АҚШ пен Украина арасындағы қауіпсіздік, экономикалық және ресурстық өзара іс-қимыл туралы жаңа келісімді дайындау талқыланды.
Бұдан бөлек, "сенімді, ұзақ мерзімді бейбітшілік" кепілдіктері туралы сөз болды.
Сонымен қатар, Трамп та әңгіме "жақсы өтті" деп нақтылады.