Жамбыл облысында кейбір нысандар қысқы маусымға дайын емес

0 48

Қазір қыс мезгілі қарсаңында қарбаластың қызып тұрған кезі. Жамбыл өңірінде де біраз уақыт бұрын қысқа дайындық басталып кетті.

Облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаевтың төрағалығымен өткен жиында да осы мәселе қаралды. Алайда, өңірдегі бірқатар нысандар әлі де қысқы жылыту маусымына дайын болмай отыр екен. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жанәділ Айтбеков облыстағы әлеуметтік нысандардың қысқа дайындығын баяндады.

«Облыс бойынша 783 білім нысанының 754-і қысқы маусымға дайын. Дегенмен, ағымдағы және күрделі жөндеуден өтіп жатқан 29 нысан жылыту маусымына дайын емес. Денсаулық сақтау нысандары бойынша 389 денсаулық сақтау нысанының 372-сі дайын болса, 17 нысан жылыту маусымына дайын болмай отыр», деді ол.

Оның айтуынша, облыста 494 мәдениет нысаны бар болса, оның 493-і дайын екен. Тек Тараз қаласындағы облыстық Ш.Уәлиханов атындағы кітапхананың ағымдағы жөндеу жұмыстары бүгінгі күнге дейін жүргізілуде. Бірақ, ол 25 тамыз күні аяқталу керек болған. Жиында Ержан Жылқыбаев берілген тапсырмаларды көрсетілген мерзімде толығымен аяқтауды тапсырды.

 

Жамбыл облысы

egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.