Жамбылдық дәрігерлер Президент Жолдауына қолдау білдірді

0 45

 Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті халыққа Жолдауы – бүгінгі таңдағы ең маңызды мәселе. Себебі, әлемді алаңдатқан індеттің беті қайтқанымен, тыныш отыруға әлі негіз жоқ. Сондықтан, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Елімізде жер-жаһанға зор қауіп төндірген пандемияға қарсы күрес әлі де жалғасуда. Біз азаматтардың өмірін және денсаулығын қорғау үшін бар күш жігерімізді біріктірдік. Осындай сын сағатта ынтымағы жарасқан халқымыз жұдырықтай жұмылдырылды», — деп, тосыннан келген кеселге қарсы тұра білген дәрігерлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, еріктілерге алғыс айтты. Сондай-ақ, мемлекет басшысы кем дегенде пандемияның әлі екі жылға дейін созылатынын тілге тиек етіп, дәрігерлер қауымының індетпен күресте алдыңғы қатарда жүретінін және олардың үстемақысына қосымша қаржы бөлуді атап өтті.

«2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы экономикадағы орташа жалақыдан екі есе артық болады», — деп, алдағы уақытта дертпен күресте атқарылатын жұмыстар мен міндеттерді саралап, дертпен күрес жөніндегі кешенді бағдарламаның әзірленетінін атап көрсетті.

Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының ұжымы Президент Жолдауын арнайы онлайн конференция арқылы көріп тыңдады.

«Денсаулық – зор байлық» екендігін ескере отырып, қоғамның басты байлығы – адам, сондықтан, оның денсаулығын арттыруға назар аударылатыны – маңызды. Дені сау ұрпақ – ұлттың байлығы. Ел Президентінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты болашаққа бағыт берер Жолдауы – біздің әрқайсысымызға келешекке деген сенім қалыптастырып, нақты міндеттерге негізделген айқын жол көрсетеді деген ортақ қорытындыға келді дәрігерлер.

Жамбыл облысы әкімдігі  денсаулық сақтау басқармасының  баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.