Жамбылдықтар Президент Жолдауын іске асыру шараларын талқылады

0 99

Облыс әкімдігінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шараларын талқылау бойынша бойынша актив жиыны өтті.

Жиынды алғы сөзімен ашқан облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Жолдаудан туындаған міндеттерді жергілікті жерде жүзеге асыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Өңір басшысы стратегиялық құжатта айтылған мемлекеттік қызметшілерді қысқарту бойынша тиісті жұмыстар қолға алынғанын жеткізді. Алдын ала есеп бойынша дәл осы жұмыстар есебінен 1,5 миллиард  теңге көлемінде қаражат үнемдеуге мүмкіндік бар.

Сондай-ақ, Үкіметке берілген ұлттық ауыл шаруашылығын дамыту тапсырмасына да аграрлы аймақтан тиісті ұсыныстар берілмек.

Басқосуда күнтәртібіндегі мәселе бойынша облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Әмзебек Жолшыбек, М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік универсиетінің басқарма төрағасы- ректоры міндетін атқарушы Махметғали Сарыбеков, «Қазфосфат» ЖШС директоры Мұқаш Ескендіров, «Ауыл» партиясы облыстық филиалының төрағасы, ТИГУ ректоры Ерболат Саурықов, «Жастар-зерттеу» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Парида Мамедова да сөз сөйледі.

Басқосуда мұнан өзге де мәселелер бойынша Жолдау жүктеген талаптың үдесінен шығу бағытында атқарылуы керек шаралар жайы да сөз болды. Өңір басшысы өзінің орынбасарлары мен аудан әкімдеріне, басқарма басшыларына тиісті тапсырмалар берді.

Шынболат Күзекбаев

Leave A Reply

Your email address will not be published.