Жолдау нақты мақсатты айқындады

0 173

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Н. Ергебековтың төрағалығымен ел Президенті Қ. К. Тоқаевтың»Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс қимыл кезеңі» Жолдауы аясында актив жиналысы өтті. Актив жиынына қоғамдық ұйым өкілдері, этномәдени орталықтар, мекеме басшылары, БАҚ өкілдері қатысты. Жиын барысында Ақсай ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы К. Құрмашев, Қоғамдық келісім кеңесі төрағасы А. Дүрәліұлы, аудандық білім қызметкерлері кәсіподағының төрайымы  Г.Қадырбек,аудандық кәсіпкерлер палатасы директоры Р.Айтбаев сөз алып, жолдау жолдарындағы жағымды жаңалықтарды жеткізіп, келелі ұсыныстарымен бөлісті. Аудан әкімі Н. Ергебеков Жолдаудың сапалы жүзеге асырылуы маңызды екеніне тоқталып, ауыл тұрғындарының атқарушы билік жұмысына бағасы сонымен айқындалатынын жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.