Жолдау жүктеген міндеттер талқыланды
Жолдау жүктеген міндеттер талқыланды
Мойынқұм ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі М.Мұсаевтың төрағалығымен ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын аудан тұрғындарына түсіндіру барысында ұйымдастырылған актив отырысы өтті.
Жиынға мекеме және бөлім басшылары, ҮЕҰ өкілдері,деутаттар және БАҚ өкілдері қатысты. Аудандық қоғамдык кеңесінің төрағасы Б.Сатыбалдиев, аудандық мәслихат депутаты Н.Саурықов, аудандық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Т.Рыстанбаева Жолдау туралы өз ойларын ортаға салып, Жолдауды қолдайтындығын жеткізе отырып жиынға қатысушыларды Жолдауда берілген тапсырмаларды орындауға біркісідей атсалысуға шақырды.