«10 жыл араққа тәуелді болды»: Илья Ильин Алмас Өтешовтің маскүнемдіктен емделіп жатқанын айтты
Спортшының сөзінше, Алмас Өтешов бір кездері атақ-даңқты көтере алмаған
Отандық зілтемірші Илья Ильин Рахим Ошақбаевқа берген сұхбатында Алмас Өтешовпен қарым-қатынасы, қазіргі хәл-жайы қандай екенін айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Илья Ильин ауыр атлетикадан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алмас Өтешовтың жақын досы екенін айтып, оның ұзақ жылдар бойы ішімдікке салынғанын айтқан.
Еске салайық, Алмас Өтешов бұған дейін «Уақыт көрсетеді» ютуб-каналына берген сұқбатында елімізде чемпиондар жиі елеусіз қалатыны жайында айтқан. Сонымен қатар, отбасылық мәселелері мен мойнындағы қарыздың көптігі жайында айтып, халықтан көмек сұраған еді.