АҚШ ашық чемпионаты: Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева бастапқы кездесулерін жеңді
Бұл туралы ҚТФ мәлімдеді
Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатын сәтті бастады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда «Үлкен дулыға» турниріне арнайы шақырту алған рейтингіде 338-орындағы америкалық, 16 жастағы Джульетта Пареханы сынап көрді.
Бірінші партияда Елена 3:1 есебімен алға шығып, сол басымдылығынан айырылған жоқ – 6:3. Екінші сетте Е.Рыбакина тіпті бет қаратпады – 6:0.
Елена Рыбакина үшінші айналымға өту үшін әлемнің 96-ракеткасы, 18 жастағы чехиялық Тереза Валентовамен ойнайды.
Юлия Путинцева US Open бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 85-орында тұрған италиялық Элизабетта Кочареттомен өткізді.
Бірінші партияда италиялық спортшы 4:1 есебімен алға кеткенімен, Путинцева камбэк жасап, қатарынан бес геймді алды — 6:4.
Екінші сетте тай-брейкті Юлия сәтті аяқтай білді — 7:6 (7:4).
Юлия Путинцева үшінші айналымға шығу үшін әлемнің 29-ракеткасы, ресейлік Анна Калинская немесе рейтингіде 178-сатыдағы америкалық Клерви Нгунуэнің қай жеңгенімен ойнайды.