Спорт

Абиба Абужақыноваға «Respublica» партиясы теміртұлпар сыйлады

Партия Төрағасы Айдарбек Қожаназаров спортшыға сыйлық берілетінін бұған дейін айтқан

Бүгін Париж Олимпиадасында еліміздің намысын қорғаған дзюдошы Абиба Абужақынованы Алматы әуежайында жанашыр жанкүйерлері күтіп алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Әлемдік додада алған жарақатына қарамастан ел намысын аяғына дейін қорғаған спортшыға @respublica_partiyasy су жаңа темір тұлпар сыйлады.

Бұл мерейлі сәтті аталмыш Партия Төрағасы, Мәжіліс депутаты Айдарбек Ходжаназаров өзінің жеке парақшасында жариядады.