Спорт

АЧ: Жамбылдық боксшы Сымбат Әлиасқар жарыс жолын аяқтады

Жерлесіміз ширек финалда Қытай боксшысы Су Вэньцяньға есе жіберді

Таиландта өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында жамбылдық боксшы Сымбат Әлиасқар (54 кг) жартылай финалға шыға алмады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

 Сымбат Әлиасқар ширек финалда қытайлық Су Вэньцяньмен жұдырықтасып, жеңіліп қалды. Осылайша, жерлесіміз үшін Азия біріншілігі аяқталды.  

Еске салайық, кеше тағы бір жамбылдық боксшы Әйгерім Сәттібаева (48 кг) алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастап, жартылай финалға жолдама алған болатын.