Алан Құрманғалиев ел қоржынына қос қола жүлде салды
Қазақстандық спортшы үстел теннисінен ел қоржынына қос қола медаль салды
Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Алан Құрманғалиев Қатардың Доха қаласында өткен WTT Youth Star Contender халықаралық турнирінде табысты өнер көрсетіп, екі бірдей қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жекелей сын бойынша Алан бес кездесуде жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды. Бұл кезеңде ол жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, үндістандық Абхинандх Прадхивадхиге есе жіберді. Нәтижесінде қазақстандық спортшы турнирдің қола жүлдегері атанды.
Сонымен қатар, жұптық сында да Алан жүлдеге ілікті. Ол Литва спортшысы Игнас Сисановаспен бірге ойнап, үшінші орынды иеленді.