Александр Бублик ширек финалға шықты

16

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан жүлде қоры 1 203 960 еуроны құрайтын турнирде сәтті өнер көрсетуде.

Алғашқы айналымда ол испаниялық Альберт Рамос-Виньоласты ұтса, екінші кезеңде канадалық Феликс Оже-Альясиммен кездесті. 1 сағат 18 минутке созылған бұл бәсеке 6:4, 6:2 есебімен Бубликтің пайдасынан шешілді. Енді ширек финалда жерлесіміз чилилік Кристьян Гаринмен күш сынасады. Оңтүстік Америка елінің өрені айтулы турнирдің бастапқы бәсекелерінде жапониялық Кей Нисикори мен германиялық Янник Ханфманнан айласын асырды.

Францияның Страсбург қаласында өтіп жатқан турнирде Зарина Диас екінші айналымда сүрінді. Ол жапониялық Нао Хибиноға 5:7, 3:6 есебімен есе жіберді. Сондай-ақ, кеше дәл сол жарыстың ширек финалында Елена Рыбакина қытайлық Чжан Шуаймен шеберлік байқасты. 

egemen.kz