Әлем чемпионатына қатысады

0 47

Ертең Италияда велоспорттан әлем чемпионатының жалауы желбірейді. Қазақстан велоспорт федерациясы таратқан мәлімет бойынша, біздің команда жаһандық додаға толық құрамда қатысады.

Қазақстан құрамасынан әлем бірін­шілігінде еліміздің ең үздік деген алты спор­тшысы бақ сынайды. Атап айтар болсақ, Алексей Луценко, Жандос Би­жігітов, Дми­трий Груздев, Даниил Фо­миных, Юрий На­таров және Вадим Прон­ский. Айта кетеу керек, былтыр қазақ­стандық спортшылар әлемдік жарыстарда жоғары нәтиже көрсеткені үшін Италияға толық құрамда аттанды. Ал Қазақстан спортшылары әлем чем­пио­натына толық құрамда осыдан 11 жыл бұрын, яғни 1999 жылы қатысқан екен.

Жалпы велоспорттан әлем чемпионаты биыл Швейцарияда өтуі тиіс еді. Алайда пандемияға байланысты жарыс тамыз айын­да Италияға ауыстырылды. Біріншілік 27 қыркүйекте аяқталады.

egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.