Әлем кубогына қатысады

18

Қаңтар айында Германияның Оберхоф қаласында биатлоннан Әлем кубогының екі кезеңі өтеді деп жоспарланған.

Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметі бо­йынша, Әлем кубогының бесінші кезеңі 7-10 қаңтар аралығында ұйымдастырылады. Спорт­шылар спринт, із кесу жарысы, эстафета және сингл-микст бойынша өзара жеңімпаздарды анық­тайды.

Сондай-ақ Әлем кубогының алтыншы кезеңін де Оберхоф қаласы қабылдамақ. 13-17 қаңтарда ұйымдастырылатын додаға Қазақстан командасы да қатысады. Айта кетелік, биатлоннан Қазақстан командасы бұл күндері Еуропада жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.

egemen.kz