Спорт

Ғалия Тынбаева Qazaqstan Barysy Grand Slam чемпионы атанды

Ол финалда Grand Prix чемпионы Сабина Гилиазованы жеңген

Ғалия Тыныбаева Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысында топ жарды. Ол финалда Grand Prix чемпионы Сабина Гилиазованы (AIN) иппон ұпаймен ұтып, ел қоржынына алғашқы алтынды салды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл Ғалия Тынбаеваның спорт мансабындағы әлемдік Grand Slam жарысындағы алғашқы алтыны.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Астанада Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam басталды. Әлемдік дода ережесі бойынша 1 орын үшін 1000, 2 орын үшін – 700, ал 3 орын үшін – 500 ұпай есептелетін болады. Олимпиадаға рейтингтік ұпай үлестретін соңғы Grand Slam 12 мамырға дейін жалғасады.