Анастасия Городко Франциядағы жарыста қос алтын медаль жеңіп алды
Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар екі алтын және екі қола жүлдені еншіледі.
Фристайл-могулдан Қазақстан ұлттық құрамасы Францияның Тинь қаласында өткен халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетіп, жалпы саны төрт медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар екі алтын және екі қола жүлдені еншіледі.
Әйелдер арасында сынға түскен Анастасия Городко екі бағдарламада да қарсыластарынан озып, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтеріліп, қос алтын медаль еншіледі.
Ал Аяулым Әмренова мен Антон Бондарев үшінші орын алып, ұлттық құраманың медаль қоржынын толықтырды.