Спорт

Анастасия Городко күміс медаль жеңіп алды

Байрақты бәсеке Алматы қаласында өтіп жатыр

Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының спортшысы Анастасия Городко Алматыда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. 

Жерлесіміз финалда қазақстандық спортшы 70.79 ұпай жинап, екінші орынға ие болды. Ал қарсылас шақ келтірмеген жапон Юма Тагучи 72.43 ұпаймен жарыста топ жарды. Сондай-ақ, жүлделі үшінші орын тағы бір жапон спортшысы Мисе Курэаға (66.63) бұйырды.