Спорт

Анна Данилина "Ролан Гаррос" турнирінің финалына шықты

The final spritzer

Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы мәлімдеді

Қазақстандық теннисші Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге Франция ашық чемпионаты – "Ролан Гаррос" турнирінің финалына жолдама алды, деп Jambylinfo.kz 

Жартылай финалда Данилина мен Крунич дуэті норвегиялық Ульрикке Эйкери мен жапониялық Эри Ходзумиді жеңді. Ойын нәтижесі – 6:7(5:7), 6:3, 7:5.

Финалда олар Диана Шнайдер/Мирра Андреева және Сара Эррани/Жасмин Паолини жұптарының жеңімпаздарымен кездеседі.

Анна Данилина үшін бұл — "Үлкен дулыға" санатындағы турнирлердегі үшінші финал. 2022 жылы ол Australian Open жарысында жұптық сында финалға шықса, 2023 жылы US Open турнирінде микст санатында чемпион атанған.