Спорт

Қаржы министрі енді волейбол федерациясын басқарады

Бұған дейін бұл қызметті ҰҚК бұрынғы төрағасы Нұртай Әбіқаев атқарған еді

Қаржы министрі Мәди Тақиев Қазақстан волейбол федерациясын басқарады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

27 қазанда Алматыда өткен федерацияның қорытынды есеп беру конференциясында ұйымның жаңа президенті таныстырылды. Мәди Тақиев делегаттарға сенім білдіргені үшін ризашылығын жеткізіп, Нұртай Әбіқаевқа федерацияның құрметті президенті болып, ҚВФ қамқоршылық кеңесін басқаруды ұсынды.

Айта кетейік, Мәди Тақиев федерацияны 2024-2028 жылдар аралығында басқарады.