Спорт

Астанада өтіп жатқан әлем кубогында бүгін қазақстандық сегіз спортшы рингке шығады

Күндізгі сессия қазақстандық уақытпен 14:00, кешкі сессия 19:00-де басталады

Астанада өтіп жатқан World Boxing аясындағы әлем кубогында бүгін, 2 шілдеде ел құрамасынан сегіз боксшы шаршы алаңға шығадыдеп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Күндізгі сессия қазақстандық уақытпен 14:00, кешкі сессия 19:00-де басталады. Бұл жекпе-жектер «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазақстандық боксшылардың жекпе-жегі төмендегіше:

Күндізгі сессия

1 жұп (В рингі). Әйелдер. 48 келі. Назым Қызайбай - Фарзона Фозилова (Өзбекстан)

5 жұп (В рингі). Әйелдер. 51 келі. Алуа Балқыбекова - Дженнифер Лосано (АҚШ)

7 жұп (А рингі). Әйелдер. 80 келі. Гүлсая Ержан - Пуджа Рани (Үндістан)

8 жұп (В рингі). Ерлер. 50 келі. Санжар Ташкенбай - Содаи Кото (Жапония)

10 жұп (В рингі). Ерлер. 85 келі. Бекзад Нұрдәулетов - Лаклан Лоусон (Аустралия).

Кешкі сессия

2 жұп (А рингі). Әйелдер. 60 келі. Виктория Графеева - Гизем Озер (Түркия)

6 жұп (А рингі). Әйелдер. 65 келі. Аида Абикеева - Дион Бёрман (Англия)

8 жұп (А рингі). Ерлер. 65 келі. Ертуған Зейнуллинов - Ахмет Пекел (Түркия)

11 жұп (А рингі). Ерлер. 90 келі. Сағындык Тоғамбай - Малачи Джорджес (АҚШ).

Әлем кубогына 30 елден 300-ге жуық боксшы қатысып жатыр. Бұл Олимпиадалық WORLD BOXING ұйымының Қазақстандағы алғашқы жарысы болып отыр.