Спорт

Асу Алмабаев спорттық мансабында бірінші рет жеңілді

The final spritzer

Жекпе-жекке дейін ол ең жеңіл салмақтағы UFC рейтингінде сегізінші орында тұрған

Асу Алмабаев UFC Vegas 103 турнирінде Манель Капемен жекпе-жекке шығып, жеңіліп қалды,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Асу Алмабаев UFC турнирінің басты жекпе-жегінде өнер көрсеткен алғашқы қазақстандық спортшы атанды. Ол Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өткен UFC Fight Night 253 турниріне қатысып, анголалық Манел Капемен кездесіп, жеңіліс тапты. 

Бұл жеңіліс Асу Алмабаев үшін UFC-дегі алғашқысы болды. Осылайша, оның рекорды 4 жеңіс, 1 жеңіліс болып өзгерді.

Жекпе-жекке дейін ол ең жеңіл салмақтағы UFC рейтингінде сегізінші орында тұрған, ал Манел Капе алтыншы орында еді.