Спорт

«Қайрат» алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алды

«Қайрат» футбол клубы алғаш рет УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты

Алматылық команда УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде шотландиялық «Селтикпен» кездесті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Қазақстандағы матчта негізгі уақыт 0:0 тең есеппен аяқталды. Ал пенальти сериясында сары-қаралар жеңіске жетіп, тарихта алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алды.

«Қайраттың» Чемпиондар лигасына дейінгі жолы:

«Олимпия Любляна» 1:1 «Қайрат»

«Қайрат» 2:0 «Олимпия Любляна»

«Купс» 2:0 «Қайрат»

«Қайрат» 3:0 «Купс»

«Қайрат» 1:0 «Слован Братислава»

«Слован Братислава» 1:0 «Қайрат» (пенальтиде 3:4)

«Селтик» 0:0 «Қайрат»

«Қайрат» 0:0 «Селтик» (пенальтиде 3:2)