Спорт

Қазақстан Олимпиада ойындарын 7 медальмен қорытындылады

Ұлттық құрама спортшылары 7 медальмен 41 орынға тұрақтады

Қазақстан құрамасы Парижде өткен XXXIII жазғы Олимпиада ойындарын аяқтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Біздің спортшылар Франция астанасында жеті медаль жеңіп алды. Ел қоржынындағы жалғыз алтынды Елдос Сметов еншіледі. Ол дзюдодан 60 келі салмақта сынға түсті.

Сондай-ақ, қазақстандықтар үш күміс медаль иеленді. Гимнаст Нариман Курбанов, грек-рим күресінің өкілі Демеу Жадыраев (77 келі) және боксшы Нұрбек Оралбай (80  келі) тұғырдың екінші сатысына көтерілді.

Париж Олимпиадасының қола медалін Назым Қызайбай (50 келі, бокс) және Александра Ле мен Ислам Сәтпаев  (нысана көздеуден аралас командалық жарым) және дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев (66 келі) иеленді.