Спорт

Қазақстан құрамасы футзалдан әзербайжандықтарды 9:2 есебімен ұтты

Есепті қақпашы Лео Игита ашса, көп ұзамай Әбдірасул Абдуманапұлы мен Альберт Ақбалықов есепті еселей түсті.

Футзалдан Қазақстан құрамасы жаңа бас бапкер Рикарду Какаудың жетекшілігімен алғашқы ойынын өткізіп, сенімді жеңіске қол жеткізді. Команда Әзербайжан құрамасын 9:2 есебімен ойсырата ұтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ойынның алғашқы минуттарынан-ақ қазақстандықтар белсенділік танытып, қарсылас қақпасына қысым жасады. Есепті қақпашы Лео Игита ашса, көп ұзамай Әбдірасул Абдуманапұлы мен Альберт Ақбалықов есепті еселей түсті.

Екінші таймда Қазақстан құрамасы ойын тізгінін толық өз қолына алды. Біржан Оразов пен Агеділ Мәдияров екі-екіден гол соғып, есеп айырмасын арттырды. Сонымен қатар Ақжол Дәрібай мен Арнольд Кнауб та мергендігімен көзге түсті.

Кездесудің соңғы минуттарында қақпаны Нарун Серіков қорғады. Қорытынды есеп – 9:2.

Айта кетейік, бұл матч – Еуро-2026 іріктеу кезеңінен кейін қызметінен кеткен Какадан соң тізгінді қолға алған Какаудың алғашқы ойыны болды. Екі құрама арасындағы келесі жолдастық кездесу 15 сәуірде өтеді.