Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Ислам ойындарының финалына жолдама алды
Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Қазақстанның ұлттық құрамасы үстел теннисінен Ислам ынтымақтастығы ойындарының финалына шықты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жартылай финалда отандастарымыз Түркия құрамасын 8:3 есебімен сенімді түрде жеңді.
Матч нәтижелері:
Алан Құрманғалиев / Айдос Кенжіғұлов – Ибрахим Гундуз / Абдулла Йигенлер — 1:2
Кирилл Герасименко – Тугай Йылмаз — 3:0
Алан Құрманғалиев – Ибрахим Гундуз — 3:0
Кирилл Герасименко – Абдулла Йигенлер — 1:1
Айта кетейік, жарыс сегіз жеңіске дейін жалғасады.