Спорт

Қазақстандық дзюдошы Шерзод Давлатов  Еуропа кубогында чемпион болды

Ол татамиде 5 кездесу өткізді

Күні кеше Словенияда дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Еуропа кубогінде қазақстандық дзюдошы Шерзод Давлатов жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Kazakhstan Judo Federation 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен ол жарыстың алғашқы күні бес кездесу өткізіп, бесеуінде де жеңіске жеткенін мәлімдеді.

Өз тобынан үздік шыққан Шерзод Давлатов жартылай финалда Нажи Дэвидті (Венгрия), ал финалда Словения спортшысы Дэвид Старкелден басым түсті.

Айта кетейік, Еуропа кубогіне 29 елден барлығы 324 татами шебері қатысып жатыр.

Еркебұлан Мырзабек