Спорт

Қазақстандық спортшы Анна Данилина Брисбен турнирінің жартылай финалына жолдама алды

Анна Данилина – Александра Круничтің жартылай финалдағы қарсыластары кейін белгілі болады

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 14-ракеткасы Анна Данилина Брисбен (Аустралия) WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 
Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген А.Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге ширек финалда ресейліктер Екатерина Александрова – Мирра Андрееваның меселін қайырды. 

Бірінші партияда қазақстандық-ресейлік жұп айқын басымдылық танытты – 6:1.

Екінші сетте де сол қарқынынан танған жоқ – 6:3.

Небәрі 51 минутқа созылған бәсекеде Данилина – Крунич 2 эйске қоса 7 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Александрова – Андреева 2 эйс, 1 брейктен аса алмады. 

Анна Данилина – Александра Круничтің жартылай финалдағы қарсыластары кейін белгілі болады.