Спорт

Қазақстандық спортшы көрші елде қаза тапты

Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

Қырғызстанда «Каракол» тау шаңғы базасында қазақстандық азамат қаза тапты,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz

 27 ақпанда болған қайғылы оқиға бойынша барлық қажетті сараптама тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Бұл туралы 24.kg басылымына Ыстықкөл облыстық ІІБ баспасөз қызметі мәлімдеген.

Мамандардың анықтауынша, 43 жастағы Қазақстан азаматы сноубордпен сырғанап келе жатып, досымен соқтығысып қалған. Ауыр жарақат алған ер адам оқиға орнында жан тапсырған. 

Сонымен қатар, марқұмның тәжірибелі сноубордшы болғаны да атап өтілді.