Спорт

Қазақстандық спортшы қыздар олимпиадаға бармайды

Өйткені, әйелдер күресінен ешбір спортшыда жолдама жоқ

Спорт журналисі Аслан Қаженов олимпиадаға әйелдер күресінен отандық спортшылар қатыса алмайтынын айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Аслан Қаженовтың сөзінше, Түркияның Стамбұл қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен лицензиялық турнирде Қазақстаннан аттанған 6 спортшы жеңіліп қалған. Осылайша  Париж олимпиадасы алындағы соңғы іріктеу жарысында әйелдер күресінің өкілдері лицензиға қол жеткізе алмады.