Қазақстандық спортшылар әлем чемпионатында үлкен нәтиже көрсетті
Бұл жолы Сергей Трикоз жаттықтыратын қазақстандықтар В тобында Пуэрто-Рико командасына тап келді
Қытайдың Цзянмэнь қаласында волейболдан 21 жасқа дейінгілер арасында ХХІІІ әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы үшінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұл жолы Сергей Трикоз жаттықтыратын қазақстандықтар В тобында Пуэрто-Рико командасына тап келді.
Қос құрама да бастапқы екі ойынында ұтылып қалған еді. Сондықтан олар жеңіс үшін барын салды.
Тартысты өрбіген бірінші партияны қазақстандықтар өз есебіне жазды — 25:23. Екіншісінде 25:21 есебі тіркелді. Үшінші сетте қазақстандық жастар қарқынын үдетті — 25:16. Қорытынды есеп — 3:0.
Осылайша, әлем чемпионатына өз тарихында бірінші рет қатысып жатқан Қазақстан жастар құрамасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Сергей Трикоздың шәкірттері 25 тамыз күні Польша құрамасымен ойнайды.