Спорт

Көшпенділер ойындары: Қазақтар көкпардан Өзбекстан құрамасын ойсырата жеңді

Жалпы есеп 16:00

Қазақтар көкпардан Өзбекстан құрамасын ойсырата жеңді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Бүгін, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының 2-ші күнінде көкпардан Қазақстан және Өзбекстан құрама командалары кездесті. Додаға кірген қос тараптың жалпы нәтижесі 16:00.

Осылайша жарты сағатқа созылған ойында жеңісті қазақтар еншіледі.

Айта кетейік, дүбірлі турнир 5 күн болады. Яғни, 8 қыркүйектен, 13 қыркүйекке дейін жалғасады.

Турнирге 85 мемлекеттен 2 мыңнан аса спортшы қатысады.