Спорт

Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте көш бастады

Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Моңғолия астанасы Улан-Батор қаласында бокстан ересектер арасындағы Азия чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Финалдық жекпе-жектер нәтижесінде Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.

Ұлттық құрама қоржынына барлығы 13 медаль түсті: 6 алтын, 2 күміс және 5 қола. Осылайша қазақстандық былғары қолғап шеберлері құрлық додасында айқын басымдық көрсетті.

Алтын медаль иегерлері: – Надежда Рябец (80 кг дейін)

– Дина Исламбекова (80 кг жоғары)

– Оразбек Асылқұлов (60 кг дейін)

– Сабыржан Аққалықов (75 кг дейін)

– Нұрбек Оралбай (85 кг дейін)

– Айбек Оралбай (90 кг жоғары)

Күміс жүлдегерлер: – Бақыт Сейдіш (70 кг дейін)

– Төрехан Сабырхан (70 кг дейін)

Қола жүлдегерлер: – Айгерім Саттыбаева (48 кг дейін)

– Валентина Хальзова (75 кг дейін)

– Махмұд Сабырхан (55 кг дейін)

– Ертуған Зейнұллинов (65 кг дейін)

– Сағындық Тоғамбай (90 кг дейін)

Жалпыкомандалық есепте екінші орынды Үндістан құрамасы (5 алтын, 3 күміс, 8 қола) иеленсе, үшінші орын Өзбекстан боксшыларына (3 алтын, 4 күміс, 4 қола) бұйырды.

Айта кетейік, биылғы құрлық біріншілігінде 14 елдің спортшылары жүлдегер атанды.