Спорт

Бүгін Жәнібек Әлімханұлы Андрей Михайловичпен жұдырықтасады

Боксшылар Қазақстан уақытымен сағат 14:00-де шығады

Жәнібек Әлімханұлын өзін әжуалаған Андрей Михайловичпен кездеседі. Отандасымыз орта салмақта WBO және IBF титулдарын қорғайды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Жекпе- жекті KazSport телеарнасы тікелей эфирде көрсете.

Кеше өткен баспасөз мәслихатында Жәнібек Әлімханұлы шаршы алаңдағы қарсыласы Андрей Михайловичт жылдам нокаутқа түсіретінін тілге тиек еткен.

Айта кетейік, боксшылар 13 шілдеде кездесу керек еді. Алайда Жәнібек Әлімханұлының салмақ қууына байланысты денсаулығы сыр беріп, ауруханаға жатқызылған болатын.