Спорт

БАҚ Головкин - "Канело" арасындағы үшінші жекпе-жек өтетін күнді жариялады

БАҚ Головкин - "Канело" арасындағы үшінші жекпе-жек өтетін күнді жариялады

БАҚ өкілдері Головкин - "Канело" жекпе-жегі өтуі мүмкін күнді жариялады. Қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Канело Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек осы жылдың қыркүйегінде өтуі мүмкін.

Бірақ оған дейін Головкин бірінші орта салмақтағы экс-чемпион мексикалық Хайме Мунгияны жеңуі қажет. Бұл жекпе-жек мамырда өтеді деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Головкин мен "Канело" екі рет жұдырықтасқан. Біріншісі, 2017 жылғы қыркүйекте тең есеппен аяқталып, бір жылдан кейінгі рематчта мексикалық боксшы жеңіске жеткен еді.

Альварес ақпанда Түркия тумасы WBC желісі бойынша міндетті үміткер Авни Йылдырымға қарсы шаршы алаңға шығады. Мамырда мексикалық боксшы екінші орта салмақтағы WBO чемпионы ұлыбританиялық Билли Джо Сондерске қарсы жекпе-жек өткізеді.

Vesti.kz